Halyq Uni логотип
×

Сәпиев балуанға жасалған «қысымға» қатысты пікір білдірді

Бұл оқиға өтті, кетті. Оны енді айта бермейік, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 09.03.2023 | 14:41
Сәпиев балуанға жасалған «қысымға» қатысты пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев елден балуан Зелимхан Мусихановпен жанжалды ұмытуды сұрады.

Осының алдында боксшы Аида Сатыбалдинова Сәпиевпен жанжалдан кейін Мусихановқа қысым жасалғанын, оның колледжден шығарылып жіберілгенін айтқан еді. Ал Сәпиевтің өзі ондай ақпараттан бейхабар екенін жеткізді.

Бұл туралы мен бірінші рет естіп отырмын. Оның отбасына қатысты ақпараттан да бейхабармын. Мен қандай да бір қысымға қарсымын. Елден осы әңгімені айта бермеуін сұраймын. Бұл оқиға өтті, кетті. Оны енді айта бермейік. Спорт деген – эмоция. Кез келген адам ашуға беріледі. Ал жас жігіттерге тек сәттілік тілеймін, – деді ол. 

Еске сала кетсек, Batyrball ойыны (спорттан күрес пен баскетболдың аралас түрі, – ред.) кезінде Серік Сәпиев балуан Зелимхан Мусихановпен ұстасып қалған еді. Содан кейін екеуінің арасында төбелес бола жаздап, екеуі киім ауыстыратын бөлмеде қол алысып, бір-бірінен кешірім сұраған. Кейін Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман көпшіліктен кешірім сұрап, бейнежазба жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама