×

Түркиядағы зілзаладан келген шығын 100 млрд доллардан асады - БҰҰ

Барлығы 600 мың пәтер мен кеңсе жермен-жексен болды

 Еркеғали Болатұлы 08.03.2023 | 16:43
фото: aa.com.tr/ru

Биыл ақпанның басында Түркияда болған жер сілкінісінен келген экономикалық шығынның көлемі 100 миллиард доллардан асады. Бұл туралы Женевада өткен брифингте БҰҰ даму бағдарламасының Түркиядағы тұрақты өкілі Луиза Винтон мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Жер сілкінісінен келген шығынды есептеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. 16 наурызда өтетін Брюссельдегі Еуропалық одақ донорларының конференциясында нақты есебі жарияланады деген жоспар бар.

Дегенмен қазірдің өзінде шығынның жалпы көлемі 100 миллиард доллардан асатыны анық болып отыр, - дейді Луиза Винтон.

Оның айтуынша, жер сілкінісі кезінде Түркияда 200 мыңнан аса ғимарат құлаған. Барлығы 600 мың пәтер мен кеңсе жермен-жексен болыпты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама