«5 дипломы бар, бірақ...». «Әкелер одағының» өкілі балаға білімнен бұрын ілім беру керектігін ескертті (ВИДЕО)

Халық үні

Қоғам түгіл өз әке-шешесіне пайдасы жоқ, - дейді

фото: Halyq Uni

Жастардың әке-шешесін қарттар үйіне жаппай өткізіп жатуы – құндылықтардың орны өзгеруінен. Қазір бәрі балама білім берсем болды деп, негізгіні ұмытып кетті. «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Бекдайыр Күзембаев осылай деді.

Бәрі білім қуып кетті. Балам білімді болса болды деп. Бірақ білім екіге бөлінеді. Біріншісі – бастағы білім. Екіншісі – жүректегі білім. Біз қазір жастарға бастағы білімді беріп алдық. 5 дипломы бар, бірақ қоғамға пайдасы жоқ. Қоғам түгіл өз әке-шешесіне пайдасы жоқ.

Сөйте жүріп, жүректегі білімді бере алмай қалдық. Ал Құдайын таныған адам ата-анасын қарттар үйіне бермейді. Сондықтан отбасындағы тәрбие бірінші орында тұруы керек», - деді студия қонағы.

Сұхбаттың толық нұсқасын жоғарыдағы видеодан көре аласыздар.