×

АҚШ коронавирустың қайдан шыққаны туралы болжамын жариялады

Ал басқа барлау агенттіктері вирус табиғи жолмен пайда болды деп санайды

 Дастан Жұмабекұлы 02.03.2023 | 12:08
фото: ашық дереккөз

АҚШ Федералдық тергеу бюросы (ФТБ, –  ред.) коронавирустық пандемияның Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан шыққан деп санайды.

Бұл туралы ФТБ директоры Кристофер Рэй Fox News-ке берген сұхбатында айтты.

ФТБ пандемияның Ухандағы зертханадан шыққан деп санайды. Біз ұзақ уақыт зерттеу жасап, сондай қорытындыға келдік, –  деді ол.

Бұл Федералдық тергеу бюросының коронавирустың зертханада пайда болуына қатысты жариялаған алғашқы мәлімдемесі.

Қазір Қытай мен АҚШ пен оның осы проблемаға қатысты зертеу жүргізіп жатқан елдерге кедергі келтіріп, шатастырып алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, –  деді  ФТБ директоры.

Рэй мәлімдемесін The Wall Street Journal басылымында шыққан мақаладан кейін бірнеше күн өткен соң жасады. Ал газетте жарияланған материалда АҚШ Энергетика министрлігінің есебіне сілтеме жасалған болатын. Онда министрлік COVID-19 пандемиясының зертханадан шыққанын ашық түрде мәлімдеді.

АҚШ-тың басқа төрт барлау агенттіктері вирус табиғи жолмен пайда болды деп санайды. Ал екеуі, оның ішінде Орталық барлау басқармасы әлі шешімге келмеген, – деп жазады басылым.

15 ақпанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) «деректер жинау мәселелеріне» байланысты коронавирустың шығу тегін тергеуді тоқтатты. Ұйымның хабарлауынша, Қытай билігінің ДСҰ-мен ынтымақтастығын тоқтатуына байланысты тергеудің екінші кезеңі сәтсіз аяқталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама