Halyq Uni логотип
×

Башқұртстанда азаттық алуға ұмтылыс көріне бастады – РФ саяси сарапшысы

Жақын арада онлайн-референдум болады

 Дастан Жұмабекұлы 01.03.2023 | 10:58
Башқұртстанда азаттық алуға ұмтылыс көріне бастады – РФ саяси сарапшысы
фото: ашық дереккөз

Соңғы кездері Ресей Федерациясы құрамындағы Башқұртстан Республикасында азаттық алуға байланысты қозғалыстар байқала бастады.

Башқұрт ұлттық саяси орталығының жетекшісі Руслан Габбасов «былтыр әлемде алыптардың жаңа ұлты пайда болды – олар украиндар» деп есептейді.

Бұл алып ұлт өздерінің беттерін қайырып, құлға айналдырудың мүмкін емес екенін дәлелеп қана қойған жоқ. Сонымен қатар біздің халықтарымыздың да бойларына көп ғасырлық отаршылдық құлдықтан азат бола алатынымызға деген сенім рухын сіңдірді. Бұдан бір жыл бұрын «орыс әлемі» өзінің зұлымдықтың, жексұрындықтың және өлімнің идеологиясы екенін айғақтап берді» Жыл ішінде әртүрлі ұлттардың жүздеген мың адамын өлтірген «орыс әлемі» идеологиясы өзінің «әлемінде» бізді тек өлім күтіп тұрғанын жұрттың бәріне дәлелдеп шықты, – деп атап өтті Габбасов.

Ол бұдан бір жыл бұрын Башқұрт ұлттық қозғалысының біздің жолымыз Ресеймен бірге емес екеніне және енді Башқұртстанның тәуелсіздігі үшін күресу керек екеніне түпкілікті көз жеткізді деп жазады.

Бұл империямен енді біздің жолымыз бірге бола алмайды. Башқұрт ұлттық қозғалысы саналы түрде Башқұртстанның тәуелсіздігі жағын таңдап алды. Мұндай мүмкіндікті бізге Жаратушының өзі беріп отыр. Енді біз сол мүмкіндікті міндетті түрде 100 пайыз түгел пайдаланамыз, – деп ескертті Габбасов.

Ол Кремльмен әңгімеде келісімге келуге бармайтындарын немесе жарым-жартылай шаралармен тоқталып қалмайтындарын жазады. Республика өзінің тәуелсіздігі үшін күреседі.

Бұған дейін блогер Анатолий Несмиян Ресейдің тарауға қарай кетіп бара жатқанын, сол кезде оның құрамынан өзінің тәуелсіздігін алуға бағыт ұстайтын бірінші кандидат Татарстан болатынын айтып еді.

Ал таяуда ғана Шешенстан лидері Рамзан Кадыров Сталиннің шешендерге жасаған геноцидін айыптап, Кремльге қарсы шығып қалды. Ол сондай-ақ Путиннің украиндарды көптеп өлтіру тәртібін ұстанып отырғанын да мәлімдеді.

Ақпан айында Ресейдің экономикалық жағынан дамыған өңірлерінің өкілдері жақын арада республикалардың өз жолдарын өздері таңдайтын онлайн-референдумдары іске қосылғалы тұрғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама