Halyq Uni логотип
×

Берік Әбдіғалиұлы бірнеше өңірдің атауын өзгерту керектігін айтты

Бұл еліміздің барша тұрғындарын жігерлендірері сөзсіз, - деді ол

 Еркеғали Болатұлы 28.02.2023 | 15:50
Берік Әбдіғалиұлы бірнеше өңірдің атауын өзгерту керектігін айтты
фото: baq.kz

«Ұлытау өңірінің рухани дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда өңір әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қазақстанның кейбір облыстарының атауын өзгертуді ұсынды.

Оның айтуынша, былтыр ғана құрылған облыстарды Ұлытау, Жетісу, Абай деп атаған үрдіс Қазақстанның өзге аумақтарында да жалғасуға тиіс.

Кеңестік кезеңде қойылған әкімшілік атаулар әлі күнге дейін қалып қойды. Мен олардың орнына мың жылдық тарихы бар киелі жер атаулары қойылуы керек деп есептеймін. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының атын Ақжайық, Шығыс Қазақстан облысын Алтай, Солтүстік Қазақстан облысын Қызылжар, Павлодарды Баянауыл деп өзгертер болсақ, бұл еліміздің барша тұрғындарын жігерлендірері сөзсіз, - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама