Қалалықтар көп ажырасады - «Әкелер одағының» төрағасы (ВИДЕО)
Ауылда бәрі бірін-бірі таниды және ұлтымызға тән әдеп сақталған
Қаладағы ажырасу деңгейі ауылға қарағанда әлдеқайда басым. Бұған елді мекендердегі қазақы тәрбие мен құжат рәсімдеу мәселесі себеп.
«Сұрауы бар» YouTube арнасына сұхбат берген «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбеттің ойы осындай. Оның айтуынша, шаңырақтың шайқалуына немесе жасы келсе де отау құрмағандардың әрекетсіздігіне урбанизацияның да әсері бар көрінеді.
Статистика бойынша ажырасатындар қалада неге көп? Қалада құжат тапсырып, формальді түрде айрылысу оңай екен. Ауылда аудан орталығына баруың керек. Ол басқа жаққа жібереді. Сол сияқты жүгіріс көп. Сондай-ақ ауылдағы адамдар таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Бәрі туған-туыстар, бірін-бірі таниды және ауылда қазақылық пен ұлтымызға тән әдеп сақталған, - деді «Әкелер одағының» төрағасы.
Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.