×

Аудандық білім бөлімдерінің құзіретін қайтару керек – сарапшы

Мектептердің жұмысы, оқушылардың білім деңгейіне облыс қарайды, дейді сарапшы

 Халық үні 28.02.2023 | 12:52

Білім саласының сарапшысы, жоғары оқу орындарында басшылық қызметтер атқарып жүрген Серік Сәлемов орта білімдегі реформалардың тиімсіз тұстарын атады. Бұл туралы ол «Qasqa Jol» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Аудандық білім басқармаларының функциялары толық облыстарға берілген. Мектептердің жұмысы, оқушылардың білім деңгейіне облыс қарайды. Жамбыл облысының мысалында айтар болсақ, облыс орталығына ең шалғай орналасқан – Шығанақ ауылы. Одан бөлек алыстағы Сарысу, Мойынқұм аудандары бар. Сол жақтақтардағы мектептердің жұмысын орталықтағылар біле бермейді, ал аудан әкімдігі жұмысына араласа алмайды, қадағалау функциясы жоқ. Ал балалардың білім сапасын аудан әкімдігі жақсырақ біледі. Бір мұғалімді немесе балабақша меңгерушісін қабылдау үшін конкурсқа соншама шақырымнан облысқа сабылады. Ол байқаудан өтсе мейлі, өтпей де қалады. Қазір көптеген ауылда мектеп директорының, меңгерушілердің орны бос. Кей аудандық білім бөлімдерінде де басшы жоқ. Мұның бәрі тікелей білім сапасына әсер етеді», - дейді Серік Жақсылықұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама