×

Америкалық сарапшы Украинадағы соғысқа болжам жасады

Ол бір жағдайда ғана соғыстың созылып кетуі мүмкін екенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 28.02.2023 | 09:03
фото: dw.com

Америкалық әскери сарапшы Марк Войджер Украина Қарулы күштерінің қай уақытта 1991 жылғы шекара белдеуіне жететініне болжам жасады.

Ол кезекті сұхбатында Украина өзінің территориясын Ресей әскерінен қашан толық азат ететінін айтты.

Украина Қарулы күштерінің күзде Қырымды және Ресей басқыншылары 2014 жылдан былтырға дейін басып алған территорияларды деоккупация жасауы үшін керекті ең түйінді мәселе батыстың қажетті қару-жарақ пен әскери техникаларды жеткізіп беруінде болып тұр. АҚШ-тың Еуропадағы армиясы қолбасшысының бұрынғы кеңесшісі Марк Войджер осылай деді.

Америкалық сарапшы сондай-ақ Украинадағы соғысың аяқталар мерзіміне өзінше болжам жасайды.

Алдағы күзде сіздердің Қарулы күштеріңіз майданды Мелитополь бағытында жарып өтіп, Қырымды қоршауға ала алады. Сөйтіп, Украинаның барлық оккупацияланған территорияларын жаудан босатып, 1991 жылғы шекарасына шығады, – деді Войджер.

Сарапшы бір жағдайда ғана Украинадағы соғыстың созылып кетуі мүмкін екенін айтады.

Егер батыстың көмегі біз ойлағаннан жылдам жүре қоймаса, мен соғыстың созылыңқы болып кететінін көріп тұрмын. Егер Ресей әлдеқандай жолмен жанжалды «тоқтатып» тұра алса, бұл Кремльдің пайдасына шешіліп кетуі ықтимал. Ол осы уақытта түрмеден (қамаудағы, жалдамалы) тағы да сарбаздар әкеліп, өзінің жаңа құрылымдарын жасақтап, майданға салуға мүмкіндік алады. Тап сондықтан да мен Батыс саясаткерлері, әсіресе, Батыс әлемінің лидері ретінде АҚШ-тың сарапшылары Украинаға бұған дейін уәде етілген қару-жарақтардың мүмкіндігінше тезірек жетуіне ықпал ете алатын шығар деген үміттемін, – деді ол.

Бұрынғы кеңесшінің сұхбатын YouTube арнасындағы «Фабрики новин» хабарынан көріп, тыңдауға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама