Шетелдік БАҚ «Кремль артқа шегінді» деп жазып жатыр
Ресей Сыртқы істер министрлігі президент Владимир Путиннің АҚШ-пен ядролық келісімнің біржақты тоқтатылғаны жайлы мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.
Осыған байланысты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары «Кремль артқа шегінді» деп жазып жатыр. Мұны Ресейдің Сыртқы істер ведомствосының Путиннің мәлімдемесін түсіндіруге тырысып баққанына қарай қозғады.
Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда өзінің Федералды жиналысқа Жолдауы барысында АҚШ-пен Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды қысқарту және шектеу жөніндегі бірлескен келісімшарттың (СШҚК) тоқтатылатынын жариялады. Бірақ арада небәрі 2 сағат уақыт өткеннен кейін-ақ Ресей Сыртқы істер министрлігі оның мәлімдемесін іс жүзінде сол қалпы түгел дерлік жоққа шығарды. Сыртқы саясат ведомствосы өзінің Facebook-тегі аккаунтында ядролық келісімнің бұзылғаны шындыққа жанаспайтынын айтып түсіндірді, – делінген хабарламада.
Соған қарағанда, Путиннің әлемді кезекті мәрте қорқытып-үркітпек болып тұрып, шектен шығып кеткенін сезбей қалғаны байқалады.
РФ Сыртқы істер министрлігі Кремльдің тұрақтылықты сақтау мақсатында келісімшарттың барлық тармақтарын бұлжытпай орындайтынына сендірді. Әңгіме құжатта атап көрсетілген ядролық оқтұмсықтардың «санын шектеу» жайында болып отыр.
Ресей тарапы алдағы уақытта да АҚШ тарапымен тиісті келісімнің негізінде ҚБР (құрлықаралық баллистикалық ракета) және СҚБР (сүңгуір қайықтардағы баллистикалық ракета) ұшыру жөнінде пікір алмасуға қатысып тұрады, – дегенді айтты одан әрі Сыртқы істер министрлігі.
Айта кететін жайт, Ресей бұдан бұрын да аталмыш құжаттың шарттарын толық дәрежеде орындай бермейтін еді. Осыған байланысты АҚШ-пен арада айтарлықтай келіспей қалушылық болатын.
Келісімді тоқтату жөніндегі мәлімдемеден кейін Кремльде болған жанжал жайлы ресейлік «Сеятель ветра» Тelegram-арнасы хабар берді. Ол болған жайтты «масқара» деп атады.
Құдай-ау, бұл не масқара?!. Иә, Путин алдымен аяғымен таптады, үркітті, қорқытты, ал сосын артынша бұлар «жо-жоқ, олай емес, сіздер біздің президентке назар аудармаңыздар, ол мұны шындап емес, ойнап айтты» деп түсіндіруге жанталаса асыққан болып шықты. Ең дұрысы, СШҚК хақында мүлде ойға алып қажеті жоқ еді ғой. Сол кезде ұят дәл мынадай болмас еді, – деп жазды ресурс.
Журналист Юлия Латынина Twitter-де Путин Ресейге батыс инвесторларын жібермеу үшін бәрін жасап бақты деген болжам білдірді. Бұдан бірқатар уақыт бұрын ол Путинді майдан даласындағы шын ахуалды өз кескін-келбетінше білмейді деп айыптаған еді.
Сіздер білесіздер ме, Путин неге ядролық келісімшарттан шыққысы келеді? Себебі бұл құжат ядролық шахталарға инспекция жасап тұруды қарастырады. Егер АҚШ сол тәртіппен Ресей шахталарына инспекция жасайтын болса (Путин оларды ол жаққа жібермейді), бүкіл әлем онда қарудың жоқ екенін біліп қояр еді, – деп жазды журналист.
Ресей президентінің кешегі мәлімдемесінің кезекті бопса екенін көп адам бірден түсінді.