Трамп АҚШ-тың соңғы 30 жылдағы ең жақсы және ең нашар президенті атанды
Тізімге екінші болып Барак Обама орналасты
АҚШ халқының көпшілігі экс-президент Дональд Трампты соңғы 30 жылдағы ең жақсы және ең нашар президент деп атады.
Rasmussen Reports жүргізген сауалнамада америкалықтардың көпшілігі «Президенттердің арасында кім ең жақсы және ең нашар мемлекет басшысы болды?» деген сұрақ қойылғанда бірінші болып Дональд Трамптың есімін атаған.
Сауалнамаға қатысқандардың 36 пайызы Трампты ең жақсы президент деп таныса, 30 пайызы жақсы деп Ақ үйдің бұрынғы басшысы Барак Обаманы және кіші Джордж Буштың есімін айтқан.
Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 41 пайызы Трампты АҚШ-тың ең нашар мемлекет басшысы болған десе, дауыс берген халықтың 39 пайызы қазіргі президент Джозеф Байденді екінші орынға шығарған. Үшінші орында – Барак Обама.