×

Pfizer вакцинасын жаппай салдыру мен Қайрат Боранбаевтың ұсталуында байланыс бар ма?

Вице-премьер ВАК шешіміне қатысты пікірін айтты

 Ербол Тұрымбет 29.03.2022 | 10:22
Ералы Тоғжанов, фото: primeminister.kz

Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын жаппай салдыруға жол ашатын шешім қабылданды. Алайда, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бұл шешімнің Қайрат Боранбаевтың ұсталуына еш қатысы жоғын айтты.

Вице-премьердің айтуынша, «Спутник V» вакцинасын өндірумен айналысатын Қайрат Боранбаев жетекшілік ететін компания мен Pfizer вакцинасының қолдану аясын кеңейту туралы шешімнің бір-біріне еш қатысы жоқ.

«Бізде Pfizer вакцинасының 2 миллионнан астам дозасы бар. Оны азаматтардың толықтай алуына мүмкіндігі бар. Оған қоса, бізде Қытайдың вакцинасы да жеткілікті: әлі 2 миллионға жуық дозасы бар. Өзіміздің де вакцинамыз бар. Ай сайын 500 мың доза шығып жатыр. Сондықтан қазір азаматтарға үш түрлі вакцина бойынша толықтай мүмкіндік беріп отырмыз», - деді Ералы Тоғжанов.

Еске салайық, 17 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама