×

АҚШ Молдованы Ресейдің арандатуынан қорғайды –  БАҚ

Біз бұған қатты алаңдаймыз, – деді Блинкен

 Дастан Жұмабекұлы 20.02.2023 | 14:30
фото: presedinte.md

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Молдованы Ресейдің арандатуынан шешімді түрде қолдайтынын айтты. Бұл туралы CNN хабарлады.

Ақ үйдің өкілі Кремльдің Молдованың ішкі істіне араласып, жағдайды ушықтырғысы келгісі келетінін айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы мұны Мюнхенде өткен қауіпсіздік жөніндегі конференцияның кулуарында Молдова президенті Майя Сандумен кездескен кезінде сөз етті.

Ресейдің Молдовадағы жағдайды ушықтырғысы келетінін сырттан бақылап отырмыз. Біз бұған қатты алаңдаймыз, – деді Блинкен.

Оның айтуынша, АҚШ Молдованың қауіпсіздігі, тәуелсіздігі, территориялық тұтастығы мәселелеріне және президент пен Үкіметтің күш жұмсауымен жүзеге асып жатқан өте маңызды реформаларға шешімді түрде қолдау көрсетеді.

Санду 2022 жылдың «Молдова үшін адам айтса сенгісіз қиын болғанына» назар аудара келіп, кездескен көптеген қиындықтар барысында, соның ішінде энергетика, экономика және қауіпсіздік салаларында болған ауыртпалықтарды жеңу жолында көрсеткен көмегі үшін АҚШ-қа алғыс сезімін білдірді.

Молдова президенті 13 ақпан күні Ресейдің іштегі оппозициялық және сепаратистік күштердің наразылықтарын, сондай-ақ осында арнайы келген Ресей, Беларусь, Сербия және Черногория азаматтарының арандатушылықтарын пайдаланып, жұртты әскери төңкеріс дайындай отырып, Үкімет үйіне шабуыл жасап, Молдовадағы билікті ауыстырмақ болғанын мәлімдеген болатын.

Осыдан кейін Белград Молдовадан Сербия диверсанттарын іске қоспақ болған «Кремль жоспарымен» таныстыруды талап етті.

Мұның артынша Молдоваға серб жанкүйерлері, содан соң черногорлық боксшылар кіргізілмеді.

Майя Санду сол екі арада елдің Үкімет басшысын ауыстырып жіберді.

Мәскеудің Молдовада әскери төңкеріс жасағысы келгені Украина президенті Владимир Зеленскийдің украин барлаушылары Кремльдің осы жөніндегі жоспарын қолға түсіргенін хабарлағаннан кейін белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама