×

Қазақстанда өлім жазасы Конституциядан алынып тасталады

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі

 Ербол Тұрымбет 29.03.2022 | 09:38
фото © Алиакбар Қадырбаев

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өлім жазасы Қазақстан Конституциясынан алынып тасталатынын мәлімдеді.

Еске салайық, 2020 жылдың қыркүйегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісінің екінші факультативтік хаттамасына қол қойды.

Бүгін Үкімет отырысында президент жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды.

Жоба 10 бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Алтыншы бағыт – Құқық қорғау институттарын күшейту бойынша 9 іс-шара көзделген. Олар елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуге, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды қабылдауға бағытталған.

Соның аясында азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстанның Конституциялық соты құрылады. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері реттеледі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі.

Бұдан бөлек, «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама