Көктемде Путинді қиындық күтіп тұр – әскери сарапшы
Осының өзі оның өзін-өзі өлтіруі болады, – деді ол
Әскери сарапшы Сергей Грабский алдағы көктемде Ресей президенті Владимир Путиннің тағдыры біржола шешіледі деп есептейді. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.
Сарапшы көктемде жаны қысылған Путиннің Украинадағы майданға 2022 жылғы қараша-желтоқсанда әскер қатарына шақырылғандарды аттандыратынын айтады.
Осының өзі Путиннің өзін-өзі өлтіруі болады, – деді ол.
Көптеген сарапшылар 2023 жылғы қаңтардағы сценарий тағы қайталанады деп санаса да Украина Қарулы күштерінің запастағы полковнигі, әскери сарапшы Сергей Грабовский Кремльдің мобилизацияның жаңа толқынын бастауға батылы жете қоймайтынын алға тартып отыр.
Олардың айрықша бір жария етпей-ақ, бұрынғысынша бір-бірлеп, екеу-үшеулеп адамдарды орындарынан қозғап, әскерге алатындарына ешқандай күмән жоқ. Алайда бұл болып жатқан шығындардың орындарын әсте толтыра алмайды. Бұдан артық ештеңе болмайды. Әлдеқандай бір айтулы ұмтылыстарға қолдары жетпейді. Мен алдағы көктемде майдан шебінен күзгі-қысқы шақыруларға ілігіп келіп қалған сарыауыз балапандарды көріп қаламыз деп ойлаймын. Әңгіме шамамен 120 мың туралы болып отыр, – деп мәлімдеді сарапшы YouTube-арнадағы Politeka Online-ге берген сұхбатында.
Ол бұл жағдайда Ресейдің өз тұрғындарының жаппай геноцидіне жол беріп алып, тікелей және айқын қылмысқа баратынын атап өтті. Өйткені сол кездерде татар ауылдарына бір мезгілде, айталық, 11 табыт келіп жатады. Оның айтуынша, бұл жергілікті тұрғындар үшін орасан зор соққы болып тиеді. Путин тап осындай қадамымен, осындай қырғынымен Ресей қоғамында қозғалыстың пайда болып кетуіне жол беріп алады. Дүмпудің бүкіл елді жайлап кетуі де ықтимал.