×

«Бәрі бір схема бойынша жұмыс істейді». Сарапшы қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

Арзан тауар немесе көп ақшаны көргенде адамның сыни ойлау қабілеті жоғалады

 Айнұр Шошаева 19.02.2023 | 12:50
фото: Halyq Uni

Қазақстандықтарға қаржы пирамидаларынан және интернет-алаяқтықтан өзін-өзі қорғауды үйрететін сервис жұмыс істейді, деп хабарлады Halyq uni.

Жобаны «Қазақстанның қаржылық мәдениеті» қоғамдық қоры жүзеге асырады.

Бір жыл бұрын stop-piramida.kz сайты іске қосылды. Негізгі мақсаты – халыққа алаяқтар мен қаржы пимармидаларын анықтауды үйрету, қаржылық мәдениет пен иммунитетті нығайтып, қазақстандықтардың қаржылық, цифрлық және тұтыну мәдениетінің деңгейін шынайы арттыру, - деді жоба авторы Юрий Ли.

Оның айтуынша, қаржы пирамидаларының бәрі бір схема бойынша жұмыс істейді.

Жалпы, қаржы пирамидалары ақша салып, табыс табуға шақырады. Ешбір инвестициялық нарық табысқа кепілдік бермейді. Себебі бұл нарық болған соң, оған кепілдік жоқ. Спекулятивті табыс болуы мүмкін. Кәсіби мамандар оны есептейді, болжайды, бірақ кепілдік бере алмайды. Алаяқтар жиі «пәтер ұттыңыз, көлік ұттыңыз, оны алу үшін осынша төлеңіз» деп хабарласады. Соған несие алып, алданғандар көп болды, - деп Юрий Ли.

Сонымен бірге, ол алаяқтардың арбауына түспеу үшін не істеу керек деген сұраққа жауап берді.

Алданбау үшін біз алдымен асығыстық пен азарттан аулақ болуға кеңес береміз. Өйткені алаяқтар ұсыныс жасағанда «акцияның соңғы күні» дегендей сылтаулармен асықтырады. Арзан тауар немесе көп ақшаны көргенде адамның сыни ойлау қабілеті жоғалады. Сол кезде адам өзінде жоқ, әлі алмаған ақшаны «жарата» бастайды. Алдымен асықпай ұйым туралы мәлімет сұрау керек. Заңды түрде тіркелген кез келген ұйым қаржылық есептілігін көрсетпесе де лицензиясын айтады. Біздің сайтқа кіріп, сол ұйым лицезиясының бар-жоғын анықтауға болады. Сайтта қаржы ұйымдарын тексеруге қажетті барлық құралдар бар, - деді Юрий Ли.

Еске сала кетейік, Юрий Ли бұдан бөлек, интернет алаяқтықтың алдын алуды көздейтін жаңа жобаны бастаған болатын. Бұған дейін ол Instagram желісіндегі алаяқтарды қалай тануға болатынын айтып берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама