Halyq Uni логотип
×

Ресейдің ұзаққа созылатын соғысқа шыдай алатын шамасы жоқ – РФ экс-қаржы министрі

РФ халқы алдағы уақытта бұдан да зор қорлауға төзе береді

 Дастан Жұмабекұлы 17.02.2023 | 09:48
Ресейдің ұзаққа созылатын соғысқа шыдай алатын шамасы жоқ – РФ экс-қаржы министрі
фото: ашық дереккөз

Ресейдің бұрынғы Қаржы министрі Михаил Задорнов Украинамен соғыс ұзақ мерзімге созылса, РФ-да оған төтеп беретін жағдай жоқ екенін айтты. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Ресейдің экономикасы Украинамен ұзаққа созылатын соғыс жанжалын көтере алатындай жағдайда емес, көп ұзамай мұндағы қаржы жүйесі күйрей бастайды, – деді ол.

Экс-қаржы министрі Ресейдің Украинамен және Батыспен ұзаққа созылатын соғыс текетіресінде жеңіп шығуға ешқандай мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді. Өйткені оның ресурстары НАТО елдерінің ресурстарымен салыстыруға келмейді.

Задорнов мәлімдемені Forbes басылымына берген сұхбатында жасады. Тәжірибелі банкир Путиннің жүйесі РФ экономикасын күйретіп тынатынын айтты.

Ресейдің әскери бюджеті долларға шаққанда, америкалықтардың осы мақсаттағы шығындарының тура 10/1 бөлігі ғана. Ал егер бұған Украинаның пайдасына қару-жарақ беріп жатқан елдердің ресурстарын да қосатын болсақ, олардың жанжал созылып кеткен жағдайда шығаратын шығындарының жиынтығы мүлде салыстырып қарауға келмейтін деңгейге кетіп қалады, – деді Задорнов.

Бұдан басқа, қаржыгер Ресейдің ойлап тапқан «импортты алмастырушы» дегеннің құр бос қиял екенін мәлімдеді. Ресейде тауар өндірудің мүмкіндігі де, тіпті оларды өндіретін жабдық та жоқ. Жақын болашақта РФ-ны Батыстан техника жағынан қалып қою қаупі күтіп тұр.

Ресейдің бюджеті қазірдің өзінде ай сайын орасан зор қаржы жетіспеушілігіне тап болып жатыр. Бұрын табыс әкеліп тұрған салалар санкцияның астында қалды. Мәскеудің басқа ақша алатын жері жоқ. Соған байланысты соғысты жалғастыратын да ақшасы жоқ. Алайда Путин бұрынғысынша өзінің Украинада тас-талқан болып жеңіліп жатқанын мойындағысы келмейді. Сондықтан РФ-ға өз президентінің авантюрасы үшін өте-мөте көп көлемде төлем төлеуге тура келеді.

Бұрын хабарланғандай, РФ билігі шынында қазір хабар-ошарсыз кеткендердің отбасына тиесілі жәрдемақыны төлемей жатыр. Алайда сарапшылар бұл әрекет бәрібір жұртты наразылыққа шығуға көтеріп әкете қоймайды деп есептейді. Ресей халқы алдағы уақытта бұдан да зор қорлауға төзе береді.

Осы күндері РФ-ның басты табыс көздерінің бірі болып келген мұнайдың бағасы өте жылдам қарқынмен арзандап келеді. Мұндай қаржылық апатты Ресейдің «Газпромы» да бастан кешкелі тұр. Оның алда күтіліп тұрған ахуалы өте нашар.

Бұлардың бәрі ел экономикасының қатты күйреуге ұшырауына әкеле жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама