Halyq Uni логотип
×

Украинадағы соғыстың бетбұрыс кезеңі көктем айларында болады – БАҚ

Алдағы аптада Ресейге қарсы жаңа санкциялар да енгізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 16.02.2023 | 12:09
Украинадағы соғыстың бетбұрыс кезеңі көктем айларында болады – БАҚ
фото: ашық дереккөз

АҚШ Украинаға Ресейдің оккупациялық армиясымен соғыстағы бетбұрысты кезеңнің алдағы көктемде болатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.

Құрама Штаттардың шенеуніктері Ресейдің Украинаға басып кіруіне бір жыл толатын мерзімге қарай соғыста да сындарлы сәттің туатынын айтты. Осы тұста соғыс траекториясын өзгертетін де мезет келеді.

Соңғы айларда Украинаның шығысындағы соғыс ақырындап қанды қасапқа айналып, екі жақтың да бір-бірінен басымдық алуына жол бермей тұр. Байденнің өкілдері Ресей күткендегідей шабуылды бастайтын, ал Украина айырылып қалған территорияларын қайтару үшін қарсы шабуылға шығуға әрекет жасайтын сындарлы мерзім осы көктемде келеді деп есептейді, – деп жазды газет.

Қазір Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға тікелей көмек ретінде берілуге тиісті 10 млрд долларды бекіту жөнінде Конгреспен жұмыс істеп жатыр. Оның қорытындысы алдағы аптада жарияланады. Шамамен сол уақытта Ресейге қарсы жаңа санкциялар да енгізіледі.

Байден мен оның бас көмекшілері Украинаны ақырына дейін қолдауға дайын екендерін айтып отыр. Бұған бірқатар саясаткерлердің Украинаға қанша көмек көрсетілгенмен, соғыстағы бетбұрыстың жақын арада бола қоймайтынын, әзірге екі жақтың тең дәрежеде тұра беретінін алға тартып жүргендері себеп болған. Өз кезегінде НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг те Украина біржақты жеңіп шыққанша талмай жәрдем жасап тұратындарын мәлімдеді. Ол одақтастардың бұл соғысқа араласпайтынын, мұның альянс арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.

Осы күндері АҚШ армиясы Украина Қарулы күштеріне артиллерия снарядын уақтылы жеткізіп тұру үшін қару-жарақ шығаратын екі компаниямен 522 млн доллар көлемінде келісімшарт жасасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама