×

«Орал – ежелден орыстың қаласы». Сепаратистік пиғылдағы 2 жігіт тергеліп жатыр

Олардың бірі қазақтілді қазақтарды «мамбет» деп атаған

 Еркеғали Болатұлы 15.02.2023 | 15:20
фото: дереккөз

Оралдық екі тұрғынның сепаратистік мәлімдемесі бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады «Уральская неделя» басылымы.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 1990 жылы туған азамат Р. және 1987 жылы туған азамат К. анықталды. Екеуі де Орал қаласының тұрғындары. 2023 жылдың 14 ақпанында аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі («Ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының шеңберіндегі өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, күдіктілер мен блогер арасындағы диалог чат-рулетка ғаламтор желісінде болған. Ер адам Оралдың ежелден орыстың қаласы екенін айтып, қазақтілді қазақтарды «мамбет» деп атап, Ресей Қазақстанға шабуыл жасаса, өзі орыстарды қолдайтынын жеткізген.

Ұсталғаннан кейін ол қазақстандықтардан кешірім сұрап, блогермен мас болып отырып сөйлескенін айтып ақталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама