×

Түркияда құтқарушылар адамның «елесін» көргендерін айтты (ВИДЕО)

Менің анам төрт жыл бұрын қайтыс болған, – деді 13 жастағы бала

 Дастан Жұмабекұлы 15.02.2023 | 10:41
фото: ашық дереккөз

Түркияда құтқарушылар адамның «елесін» көргендерін айтты. Бұл оқиғаны Қаһраманмараш қаласында құтқару жұмыстарымен айналысып жүрген жергілікті азамат айтып берді.

Енді оқырман назарына сұрақ-жауап форматында құтқарушымен болған сол шағын сұхбатты ұсынсақ...

– Қаһраманмараш қаласының жанында қирандыларды қазу жұмыстарын жасап жатқанбыз. Кран келіп, дуалдарды ұрып жатты. Кенет бір әйел келіп, «ұрмаңдар» деп айғайлай бастады. «Менің екі балам бар. Олар осы қабырғалардың астында», - деп суреттеп берді де «Екеуін де мына жерден шығарып, құтқарып алыңдар», - деп бізге жалбарынды. Ол жерде жұмыс істеп жатқан барлық құтқарушылар кранмен бірге жұмысқа кірісіп кетті. Сілкіністен кейін неше күн еді? Екі күн, жоқ бес күн болды. Әйелдің айтқанын тыңдап, кранды тоқтаттық. Құтқарушыларға Алла разы болсын! Олар жерді қазып, екі баланы үйіндінің астынан алып шықты. Екі баланы шығарғаннан кейін анасын іздей бастадық. «Балаларды шығардық» деп бүкіл халық айғайлап жатты. Сонда 13 жастағы баланың айтқан сөзі бәрімізді таңғалдырды. Ол: «Менің анам төрт жыл бұрын қайтыс болған», – деді.

СубханАлла! Сонда әйел жоқ болып кетті ме?

– Иә. Әйел жоқ.

 Құтқарушылар таңқалды ма?

– Аға, ол жердегілердің бәрі тізерлеп отыра кетіп, барлығы да «Аллаһу акбар!» деп дұға ете бастады...

Қазір Қаһраманмараш қаласында болған осы оқиға ел-елге, жер-жерге тарап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама