×

Тоқаев белгілі журналист Батыр Қазыбаевтың анасына көңіл айтты

Кеше медиаменеджер Батыр Қазыбаев қайтыс болды

 Халық үні 28.03.2022 | 11:10
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, медиаменеджер Батыр Қазыбаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның анасы – танымал қаламгер, ұстаз Орынша Қарабалинаға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ардақты ұлыңыз Батыр Кәкімжанұлы ақпарат саласында табысты қызмет етіп, ірі медиажобаларды жүзеге асырды. Отандық ақпараттық порталдар, радио мен телеарналардың негізін қалап, еліміздің журналистика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Өзінің табиғи қарапайымдылығымен, ұшқыр ойларымен және іскерлігімен елге сыйлы болды. Өмірде адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Батыр Кәкімжанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған президент жеделхатында.

Батыр Қазыбаев 10 жылдан астам уақыт бойы Tengrinews.кz, Vesti.кz, Massaget.кz ақпараттық порталдары, «Жұлдыз FM», «Ретро FM Қазақстан» радиостанциялары, СТВ телеарнасы кіретін медиахолдингті басқарды, «Жетінші арнаның» негізін қалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35

Алматыда студент жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы 4 рет хабарлама жіберген

Дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады
21.03.2023 | 16:39

Асыл тұқымды тазы өсіруші президентке тазының күшігін сыйлады (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы тазы иттердің көрмесін тамашалады
21.03.2023 | 15:44