×

«Ресей өкілі Байқоңыр тұрғындарын Украинамен соғысқа шақырды» - кешен басқармасы түсінік берді

Қазақстан азаматтарына қос азаматтық алуға тыйым салынған

 Еркеғали Болатұлы 14.02.2023 | 16:12
фото: stan.kz

«Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін азаматтарға қосымша төлем төленетіні туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлады stopfake.kz.

Байқоңыр арнайы өкілдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мобилизациялау және төлемдер туралы ақпарат Байқоңыр аумағында орналасқан Ресей Федерациясының азаматтарына ғана қатысты.

Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 7 ақпандағы №49 Қаулысына сәйкес, Байқоңыр қаласында тұратын азаматтарға, сондай-ақ арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленген. Ресей Федерациясы президентінің 21.09.2022 жылғы №647 «Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жариялау туралы» Жарлығына сәйкес, тек Ресей Федерациясының азаматтары әскери қызметке шақырылады. Сондай-ақ ерікті түрде әскери қызметші ретінде жұмылдыру немесе арнайы әскери операцияға қатысу үшін Ресей Федерациясының 60 жасқа дейінгі ер-азаматтары шақырылуы мүмкін, - делінген бүгінгі ақпаратта.

Нақты айтқанда, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының жоғарыда аталған Қаулысына сәйкес, әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшеріндегі біржолғы ақшалай төлем тек Байқоңыр қаласының тұрғыны болып табылатын Ресей Федерациясының азаматтарына ғана тиесілі.

Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарына қос азаматтық алуға тыйым салынған және олар бір мезгілде Ресей азаматы бола алмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама