Құрама Штаттар қос азаматтығы бар отандастарын мобилизациядан құтқара алмайтынын мәлімдеді
АҚШ Ресейде жүрген өз азаматтарын жақында болуы ықтимал кезекті мобилизацияға ілігіп кетпеу үшін ол елден шұғыл кетуге шақырды. Бұл туралы Moscow Times News хабарлады.
Ресейде жүрген АҚШ азаматтарына мобилизацияға түсіп қалмау үшін бұл елден жедел кетуге тура келеді, – делінген АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің сайтында.
Дипломатиялық миссия Ресей билігі екі азаматтығы бар АҚШ азаматтарын мойындаудан бас тартып, америкалықтарды консулдық көмек алудан айыруы және бұл елден кетіп қалуға кедергі келтіруі мүмкін екенін атап өтті.
Егер Ресейден кеткілеріңіз келсе, сіздер бұған өз беттеріңізше шұғыл кірісулеріңіз керек. АҚШ елшігінің өз азаматтарына бұл тұрғыда көрсете алатын көмегінің көлемі айтарлықтай шектеулі және аяқ астынан аттандырып жібере алатын мүмкіндігі де аз, – деп ескертті елшілік.
Ресейде мобилизация Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ресми түрде 28 қазанда хабарлаған кезде аяқталған болатын. Алайда одан кейін де қаншама адам әскер қатарына алынды. Ресей президенті әлі күнге дейін мобилизация науқаны жөнінде кезекті жарлықтарына қол қоюдан тоқтаған емес.