80 мыңнан аса тұрғын жарақат алған
Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты. Одан бөлек, тағы 80 мыңнан аса тұрғын жарақат алған.
Бүгінде осы екі елдегі уақытша орталықтарға 1 миллиондай адам орналастырылған.
БҰҰ бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитстің айтуынша, қос мемлекетте табиғат апатынан көз жұмғандардың қарасы 40 мыңға жетуі мүмкін. Себебі үйінділер әлі толық ашылып біткен жоқ.
Түркияда зілзала салдарымен күреске 100-ден аса ел өздерінің құтқарушыларын жіберді. Іздестіру шаралары күні-түні жүріп жатыр. Енді табиғат апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмектесуге күш салуымыз қажет. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек, - деді Мартин Гриффитс.