Halyq Uni логотип
×

Түркия мен Сириядағы зілзаладан қаза тапқандар 40 мыңға жетуі мүмкін - БҰҰ

80 мыңнан аса тұрғын жарақат алған

 Еркеғали Болатұлы 12.02.2023 | 16:44
Түркия мен Сириядағы зілзаладан қаза тапқандар 40 мыңға жетуі мүмкін - БҰҰ
фото: thegospelcoalition.org

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты. Одан бөлек, тағы 80 мыңнан аса тұрғын жарақат алған.

Бүгінде осы екі елдегі уақытша орталықтарға 1 миллиондай адам орналастырылған.

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитстің айтуынша, қос мемлекетте табиғат апатынан көз жұмғандардың қарасы 40 мыңға жетуі мүмкін. Себебі үйінділер әлі толық ашылып біткен жоқ.

Түркияда зілзала салдарымен күреске 100-ден аса ел өздерінің құтқарушыларын жіберді. Іздестіру шаралары күні-түні жүріп жатыр. Енді табиғат апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмектесуге күш салуымыз қажет. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек, - деді Мартин Гриффитс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама