БҰҰ бас хатшысы Омикрон штамына қатысты сапарларды шектеуді «әділетсіз» деп есептейді
Қазақстанда Омикрон штамы анықталған жоқ
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус инфекциясының жаңа штамының (Омикрон) таралуына байланысты саяхат жасауға шектеу қоюды әділетсіз, әрі тиімсіз деп есептейді.
Гутерриштің айтуынша, саяхат пен экономикалық ынтымақтастыққа мүмкіндік бере отырып, жаңа штамның таралу қаупін азайтудың жалғыз жолы - туристерді толық вакцинациялау.
Коронавирус инфекциясының жаңа штамының пайда болуына орай Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап шектеу іс-шаралары күшейтіледі.
Омикрон штамын республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ВАК 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. Бірінші - Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
Екіншіден, «Омикрон» анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-тестілеу енгізіледі.
Үшіншіден, «Омикрон» анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануға тиіс.