Угледардағы сәтсіздіктер Ресей армиясының соғысқа дайындығын көрсетті

Дастан Жұмабекұлы

Жеңіліске генерал-майор Рустам Мурадов жауапты делінуде

фото: ашық дереккөз

Донецк облысының Угледар елді мекені түбіндегі сәтсіздіктер Ресей армиясының соғысқа дайын емес екенін көрсетіп берді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

АҚШ-тың соғысты зерттеу институты (ISW) сарапшыларының айтуынша, Донецк облысындағы Угледар түбіндегі сәтсіз шабуылдары Ресейдің жақын аралықта мобилизацияланған жауынгерлерінің дайындық жүйесінің нашар екенін көрсетеді.

Институттағылар ресейліктердің Угледарға шабуылдарын көрсететін кадрлардың Ресей ақпарат кеңістігіндегі соңғы невралгиялық нүкте деп атап көрсетті.

«Мына кадрларды көрген блогерлер Ресейдің әскери басшылығын сынға алуға жабыла кірісіп кетті. Ресей блогерлері 2022 жылғы қарашада Павловкадағы 155-теңіз пияда бригадасының шабуылдарына басшылық жасаған командирлердің қазір Угледарға жорыққа да жетекшілік етіп отырғандарын атап өтуде. Олар бұлардың өте қымбатқа түскен сол қателіктерін тағы қайталап отырғанын мәлімдеді. Ресейлік бір блогер Ресейдің Угледар төңірегіндегі тактикалық қателіктері үшін Шығыс топтары әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Рустам Мурадовтың жауапты екенін атап өтті», – делінген ISW есебінде.