×

Ресей мен Беларусь Олимпиадаға мемлекеттік ту мен әнұрансыз қатыса алады – ХОК

Бұл мәселе жазда ХОК сессиясының бірінде шешіледі

 Дастан Жұмабекұлы 10.02.2023 | 17:34
фото: ашық дереккөз

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылы Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпия ойындарына Ресей мен Беларусь елдері спортшыларының мемлекеттік тусыз және әнұрансыз қатыса алатынын мәлімдеді.

Жақында ХОК Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдамайтын спортшыларды жарыстарға бейтарап мәртебесінде қатыстыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Содан кейін Олимпиада комитетінің ресми өкілдері бұл мәселе қазіргі уақытта қарастырлып жатқанын растап, Ресей мен Беларусь спортшыларының жарыстарға қатыса алатынын жоққа шығармады.

2024 жылғы жазғы Олимпиадада ресейлік және беларусь делегациялары өз туын көтеріп шығады деген әңгіме жоқ. Оларды қатыстырудың тек жалғыз жолы ғана бар. Ол – «Роллан Гаррос-2022» және теннистен өткен Австралияның ашық чемпионатындағы сияқты спортшылар бейтарап жағдайда қатыса алады деп отырмыз, –  деді ХОК-тың өкілі Оливье Веран.

Оның айтуынша, бұл мәселе жазда ХОК сессиясының бірінде шешіледі.

2024 жылғы жазғы Олимпиада Францияда 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама