×

Тараз қаласындағы 558 көшеге әлі күнге дейін асфальт төселмеген

Әкімдік енді бұл мәселені 2025 жылға дейін шешпек

 Еркеғали Болатұлы 10.02.2023 | 11:11
фото: дереккөз

Тараз қаласында қант зауыты алқабындағы 5 көше жылда қар ерігенде-ақ батпаққа айналып жатады. Өйткені онда елдің қоныстанғанына 20 жылдан асса да тасжол төселмеген.

Тұрғындар осыдан 5 жыл бұрын қала әкімдігіне жол мәселесін көтеріп барғандарын айтады. Бірақ жергілікті билік содан кейін еш хабарын айтпаған. Тек биыл ғана бір шешімін табатынын жеткізіпті.

Тұрғындардың айтуынша, былтыр осы қант зауыты аумағына 21 көше салынған. Биыл да бірнеше көше бойына үй тұрғызу ісі жалғасқалы жатыр екен.

Жалпы, қалада 1 388 көше бар десек, соның 558-інде әлі күнге дейін асфальт жоқ. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады. Ал әкімдік оның бәрін асфальттау мәселесін 2025 жылға дейін шешпек. Биыл 114 көшені жөндеуге бюджеттен 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді деп отыр.

Қант зауыты аумағына биыл 10 көше бұрылыстарымен кіріп тұр. Қазір мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Мердігер анықталғаннан кейін ол жақта құрылыс жұмыстары басталады, - деді қала әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама