Ешкім жоқта көздің жасына ерік береміз – Түркиядағы қазақстандық құтқарушы

Дастан Жұмабекұлы

Отандастарымыз өз міндетін лайықты атқарып жатыр

фото: ашық дереккөз

Бүгін Түркияға жер сілкінісінен зардап шеккендерді үйіндінің астынан алып шығаруға барған құтқарушыларымыз Газиантептегі нысандардың бірінде қирандыдан бір отбасын аман алып шықты. Өкінішке қарай, тірідей қирандының астында көміліп қалған адамдар да баршылық. Қазір олардың өмірін құтқару мүмкін болмаса да үйіндінің астынан денелері шығарылып жатыр. Сондай кезде құтқарушыларымыздың бірі қаза тапқан адамдарды көргенде көз жасына ерік беретіндерін, алайда жұмыс уақытында эмоцияға берілуге болмайтынын айтты.

Әкесі баласына пана болып жауып қалған. Бала болса анасының киімін қолына қысқан күйде кетіпті. Бірін-бірі қорғауы, махаббаттары шексіз. Бір өкініштісі, үшеуі де тірі болмай шықты. Сырттағылар жүрегіміз қатты деп ойлайтын шығар. Бізде де жүрек бар. Ешкім жоқ жерде жылап аламыз, – деді құтқарушы.

Қазір қазақстандық құтқарушылар екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанмен, аса қиын жағдайда міндетін лайықты атқарып жатыр.