Halyq Uni логотип
×

Ресей армиясы соғыс басталғанына жыл толуына орай шабуылға шығады – БАҚ

Басқыншылар екі облыстың шекарасының шегіне дейін шығу үшін солай етеді

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2023 | 10:35
Ресей армиясы соғыс басталғанына жыл толуына орай шабуылға шығады – БАҚ
фото: ашық дереккөз

Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов ресейлік оккупанттардың бұрынғысынша бар күшті Донбасқа салатынын айтты. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Оның айтуынша, басқыншылар екі облыстың шекарасының шегіне дейін шығу үшін солай етеді. Сонымен бірге, басқа бағыттарда да Украина Қарулы күштерінің позицияларына шабуыл жасап бағуға тырысады. Бұлардың қатарына Запорожье мен Харьков облыстарын жатқызуға болады.

Барлаушылар Путин Батыстың танктері мен бронды техникаларының жаңа легі келгенше шабуыл жасап қалуға ұмтылады деген де болжам ұстанып отыр. Мұндай жаңа жойқын шабуылдың уақыты 15 ақпанға немесе 23 ақпанға тура келуі мүмкін.

Украин қорғаушылары кез келген майдан шебінде оқиғаның кез келген жағдайда өрбуіне дайын отыр, –  деді Данилов.

Қауіпсіздік хатшысының айтуынша, ресейлік диктатор шабуыл үшін ақпан айын бекер таңдаған жоқ. Оған соғыстың басталғанына бір жыл толуына орай әлдеқандай «табыстар» жөнінде Ресей қоғамы алдында есеп беру керек. Оның үстіне, Путин 20 ақпан күні Федералды жиналыс алдында өзінің жолдауын оқып беруге тиіс.

Кеше Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунактың шақыруымен Лондонға ұшып барды. Кездесуде Риши Сунак Қорғаныс министрі Бен Уоллестен Украинаға қандай ұшақтар беруге болатынын зерттеуді өтінді.

Украина лидері Парламентте сөйлегеннен кейін Ұлыбритания королі Чарльз III-нің қабылдауында болды. Монарх соғыста украин елін қолдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ кеше Швеция Парламенті Украинаға 400 млн доллардан аса әскери көмек беруді мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама