Желі қолданушылары фильм туралы ақпаратты тым саясиландырып жіберген
Алматыда Qaitalanbasyn кинокартинасының түсірілімі басталды. Бас продюсер – Анар Жүнісова. Фильм қаңтар оқиғасы туралы баяндайды, деп хабарлады orda.kz.
Фильм прокатқа шыққан жоқ, бірақ оның түсіріліп жатқаны туралы ақпарат дүрбелең тудырды.
Фильмнің бас продюсері Анар Жүнісованың айтуынша, әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары фильм туралы ақпаратты тым саясиландырып жіберген.
Олар бір ғана кадрды көріп, осы кадрдың негізінде шу шығарды. Әлі түсірілмеген фильмді қалай сынауға болады? Фильмнің түсірілім тобын 5 жас режиссер басқарады, олардың төртеуі – дебютант. Бұл негізінен эксперимент. Неліктен мұндай тақырып алынды? Өйткені бұл біз үшін өте өзекті, – деді Анар Жүнісова.