×

Путин посткеңестік елдерді өзіне қарсы етіп қойды – ресейлік сарапшы (ВИДЕО)

Қазақстан ба, Қырғызстан ба, қайсысы, бәлкім, Молдова шығар? - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 06.02.2023 | 15:45
фото: ашық дереккөз

Ресейлік белгілі оппозиционер, публицист Андрей Пионтковский Ресей президенті Владимир Путиннің соғыстағы барлық әрекеттерін сынады. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Сарапшы өзінің кезекті сұхбатында қазір Ресей тарапынан Молдоваға қарата жасалып жатқан қоқан-лоққының жайына тоқталды. Ол Ресейдің әрекеттерінің бұрынғы кеңестік республикаларда сынға алынып жатқанын, осыған байланысты бұрынғы одақтас мемлекеттерде Путинге деген сенімсіздік пайда болып, оның саясатына халық ашықтан-ашық қарсы шығып отырғанын атап өтті.

Бұған жақында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Молдова президенті Майя Сандуды соғыс алдындағы Украина сияқты НАТО-ға кіруге ұмтылып отыр деп айыптағаны да бірден-бір себеп болғанын айтты. УНИАН-ның журналисі Андрей Пионтковскийден мұндай қоқан-лоққының артында не жатқанын, Ресейдің келесі шапқыншылығының шылауы Молдова болатын-болмайтынын сұрады.

Пионтковскийдің Путиннің «соғысудағы арманының шегі» турасындағы пікірін УНИАН-ның YouTube арнасындағы видеосынан естіп-тыңдауға болады.

Бұл қоқан-лоққыны дәл бағалай білу үшін Путин алдымен Днестр жағалауына дейін жетіп алуы қажет. Оның былтырғы ақпан, наурыз, сәуір айларында не істемек болғанына, ал қазір оның бар арманы Бахмут болып отырғанына қарау керек, түсінесіз бе? Қалай дегенде де бұлардың ауқымдары әртүрлі. Ол қазір Днестр жағалауы емес, Бахмуттың тұрғындарына қарата үндеу жариялауы керек, – деді ол.

Андрей Пионтковский бұдан әрі былай деді:

Ол өзінің ессіз амбицияларын тежеуге тиіс. Айтпақшы, сіз пропагандист Киселевтің Лавровқа қойған бұл сұрағының қандай үндестікте екеніне назар аудардыңыз ба? Ол тіпті біз бұдан әрі русофобиямен қай жерлерде күрес жүргіземіз деген мазмұнда тұтас бір сауалдар легін тоғытып тастады ғой. Олар қай елдер: Қазақстан ба, Қырғызстан ба, қайсысы, бәлкім, Молдова шығар? Бұлар шетінен әлдеқандай бір жындыханада тұрып жатқан адамдарға ұқсайды. Міне, осындай оспадар ниеттерінің салдарынан олар бүкіл посткеңестік кеңістікте өздерін жеккөрінішті етіп отыр.

Осының алдында Пионтковский Ұлыбритания мен Польшаның бұл соғыста Украинаның жеңіске жетуі үшін қандай «шешуші қадамға» бара алатындарына болжам жасаған еді. Бұл екі елдің де Ресейді жек көрушілігінде шек жоқ. Әлемде ондай мемлекеттер қатары барған сайын артып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама