×

Бізге Германияның Leopard танкісі тағы қатер төндіргелі тұр –  Путин

Бундесвер Украинаға 14 соғыс машинасын беруге уәде еткен болатын

 Дастан Жұмабекұлы 04.02.2023 | 16:22
фото: krivoe-zerkalo.ru

Ресей президенті Владимир Путин «Германияның Leopard танкісі бізге тағы қатер төндіргелі тұр. Бірақ біз бұған лайықты тойтарыс береміз» деп мәлімдеді. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Владимир Путин Ресейге Германияның Leopard танкісі тағы да қатер төндіретінін айтты. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыстың ұрыс даласында мұндай танкілер болған жоқ еді, – деп атап көрсетті басылым.

2 ақпанда жергілікті билік басшылары Путинге жағыну үшін ғана атын бір күнге Сталинград етіп өзгерткен Волгоградқа келген Владимир Путин Ресей үшін Батыс пен Украинадан төнгелі тұрған кезекті қатер жайында әңгімеледі. Қалың күзетшілері мен өкпектей соққан желдің өтінде Мамай қорғанына гүл шоғын қойғаннан кейін ол әдеттегі салтанатты сөзін сөйледі. Тыңдап тұрғандардың енжар кейіптеріне қарағанда, тіпті Ресейдің алыстағы провинциясында тұратындардың өзі қазір президенттің сөздерінен жалыға бастаған сияқты.

Алайда Ресей президенті өз елдеріне Батыс тарапынан қауіп-қатердің күшейіп келе жатқанын айтып, тағын қадалып тұрып алды.

Біз тағы да ұжымды Батыстың агрессиясына тойтарыс беруге мәжбүрміз. Адам сенгісіз нәрсе. Дегенмен, бұл факт: бізге Германияның бортында крест таңбасы бар Leopard танкілері қатер төндіруде және тағы да Гитлер ізбасарларының қолдарымен, бандеровшілер қолдарымен Украина жерінде Ресеймен соғыспақшы болып жатыр, – деп мәлімдеді ол.

Тек Путиннің әлі Украинаға келіп те үлгермеген танктердің корпустарындағы крестер туралы ақпарды қайдан алғаны, оның өз техникаларына қондырылған Z, O, V таңбалары жөнінде нендей түсіндірме беретіні ғана жұмбақ болып қалып тұр.

Ресей лидері сондай-ақ пропагандистер ара-тұра радиоактивті күлге айналдырып жіберуді ұсынып жүрген АҚШ пен Еуропада Ресейдің достары көп екенін айтты.

Біз өз танктерімізді олардың шекараларына қарай апарып қоймаймыз. Бірақ жауап қайтаратын қуатымыз бар. Бронетехникаларды қолдану арқылы істің бәрін өзіміз бітіреміз. Мұны олардың бәрі түсінулер керек, – деді Путин.

Германия 25 қаңтарда Украинаға Leopard 2A6 маркалы 14 танкті беруге уәде еткен болатын.

Ал бүгін Бундесвер бұдан кейін де осындай көлемде танктер беріліп қалуы мүмкін екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама