Құрама Штаттар тәртіптік шектен шығып кеткен күштік құрылымдар қызметкерлері болса, оларды жауапқа тарту керектігін мәлімдеді
АҚШ Өзбекстанды Қарақалпақстан оқиғасы кезінде тәртіп бұзған болса, күштік құрылымдар қызметкерлерін жазалауға тағы да шақырды. Бұл туралы Газета.uz хабарлады.
Қарақалпақстандағы оқиғалар бойынша айыпталған 22 адамның үстінен жүргізілген сот процесі аяқталды. Осыған байланысты АҚШ Өзбекстан Үкіметін қоғамдағы ашықтыққа қатысты міндеттемені адал орындауды, сондай-ақ егер сол оқиғалар кезінде тәртіптік шектен шығып кеткен күштік құрылымдар қызметкерлері болса, оларды жауапқа тартуды сұрады.
АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігі Қарақалпақстандағы былтырғы оқиға бойынша айыпталған 22 адамға қатысты сот процесінің қорытындысына орай мәлімдеме жариялады.
Сот процесі аяқталғаннан кейін АҚШ елшілігі Үкіметті қоғамдағы ашықтық қарым-қатынас жөніндегі міндеттемелерін орындауға және Өзбекстан заңын бұзған құқықтық құрылымдардың кез келген қызметкерін жауапқа тартуға шақыруды жалғастырады, – делінген хабарламада.
Құрама Штаттар осыған ұқсас мәлімдемені өткен жылдың қараша айының соңында – сот процесі басталар алдында да жасаған еді.
Бұдан бұрын агенттік хабарлағандай, оқиғалар бойынша қозғалған қылмыстық істердің басты фигуранты Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға сотталды. Одан басқа, Лолагүл Қаллыханова 8 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылса, Азамат Нуратдиновтің, Ахмет Сметуллаев пен Азамат Тұрдановтың бостандықтары 5 жылға шектелді. Тағы бірқатар айыпталушылар әртүрлі мерзімге шартты түрде жаза алды. Бұлардың бәрі сот залынан босатылып жіберілді.
Өзбекстан бас прокуратурасы өткен жылғы желтоқсанның ортасында Нөкіс оқиғалары кезінде қару мен басқа да арнайы құралдар қолдану деректері болғанын және енді осы фактілер бойынша ұсталған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жеке өндірісте көтерілген қылмыстық іс аясында құқықтық баға берілетінін мәлімдеген болатын.
Бұған дейін Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Өзбекстанды алдағы уақыттарда Қарақалпақстандағы сияқты оқиғалар кезінде адам өлімі мен ауыр жарақатты болдырмау мақсатында адамдар шоғырланған жерлерді бақылауда ұстау үшін жарық-шу және түтін шығаратын гранаталарды қолдану тәртібін шұғыл қайта қарауға және олармен ішкі істер органдары қызметкерлерін жарақтандыруды санаттан шығарып тастауға шақырды.