Ол 99 жасында көз жұмды
Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек ері Юрий Померанцевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындары және туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ерекше талантты актер, көрермен көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры әрі киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады. Померанцевтің өмірі мен шығармашылық жолы — өнерге деген адалдық және риясыз қызметтің, патриотизмнің, парасаттылық әрі жомарттықтың үлгісі. Юрий Борисович халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға. Ол жас ұрпақтың дана тәлімгері болды», — делінген президент жеделхатында.