×

Мемлекеттік хатшы Тоқаевтың «екінші республика» деген сөзін түсіндірді

Жаңа Қазақстан – бұл қоғам мен ұлттық жаңаруы, ал Екінші республика – мемлекеттік модельдің жаңаруы екен

 Ербол Тұрымбет 22.03.2022 | 13:41
фото: Ұлттық кеңес отырысы, 2020 жыл

Мемлекет басшысы кеше алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтағанда өз сөзінде «екінші республика» деген жаңа тіркесті пайдаланды. Осыған байланысты қоғамда «екінші республика» мен «Жаңа Қазақстан» тіркестерінің арасында қандай байланысы бары жайлы сұрақтар туындай бастады.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин президенттің «екінші республика құрамыз» деген сөзін түсіндіріп, екі идеологеманың мағынасы бір, тек акценті ғана басқа екенін айтты.

Қаңтар оқиғаларынан кейін біз автоматты түрде Жаңа Қазақстанда өмір сүре бастадық деуге болады. Президент ұлтты қалыптастырудың жаңа мақсатын айқындап берді. Ал Жаңа Қазақстанды бір сәтте құру мүмкін емес. Бұл – терең әрі ұзақ қоғамдық трансформация процесі, - деп жазды Ерлан Қарин.

Тоқаев соңғы жолдауында саяси реформаларын жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық балансты өзгертуге мүдделі екенін танытты. Негізгі жаңалығы сол, Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан мықты парламенті бар президенттік республикаға ауысады.

«Осыған байланысты Конституцияның 30-бабына және 20 заңға өзгеріс енгізіледі. Бұл – ауқымды реформа. Соның арқасында саяси жүйе өзгеріп, халық мемлекетті басқару ісіне көбірек араласады. Бұның барлығы биыл іске асырылады. Осылайша, мемлекетті басқару моделі өзгерген «Екінші республика» болады», - деп түсіндірді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, «Екінші республика» – бұл жақын тұрған мақсат. Себебі президент ұсынған саяси реформаларды биыл іске асыру жоспарланған. Жаңа Қазақстан – бұл қоғам мен ұлттық жаңаруы, ал Екінші республика – мемлекеттік модельдің жаңаруы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43