×

Бундестаг Украинаға көмектесе алмаған «Рамштайн» жиынына наразылық білдірді

Германия Парламенті канцлер Олаф Шольцты еріксіздігі үшін сынға алды

 Дастан Жұмабекұлы 26.01.2023 | 15:32
фото: ашық дереккөз

Германияның Парламенті – Бундестаг Украинаға «Leopard 2» танктерін беру жөніндегі мәселені шеше алмаған «Рамштайн» жиыны қорытындысына наразылық білдірді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Германияның Бундестаг депутаттары «Рамштайн» жиынына қатысқан саясаткерлердің Украинаға немістің «Leopard 2» танктерін беру жөніндегі шешім қабылдай алмағандарына қатты өкініш білдіріп отыр, – делінген хабарламада.

УНИАН-ның хабарлауынша, Бундестаг қорғаныс комитетінің төрайымы Мари-Агнесс Штрак-Циммерман осыдан кейін Украинаға Германия танктерін беру мәселесін шешуде өзгелерге ерік беріп қоюды тоқтату керек деп мәлімдеп, мұны ГФР-дың бір өзі шешкені жөн екенін алға тартқан.

Қазір тарих бізге қарап отыр. Ал Германия, өкінішке қарай, өзінің солқылдақтығын тағы да көрсетіп қойды. ГФР канцлері Олаф Шольцтың бұл тақырыпты көпшіліктің талқысына салуының өзі – кәдімгі апат, бір жағынан Германия Украинаға кең ауқымды көмек көрсетіп келеді. Алайда соғыс танктерін беруді шешудегі еріксіздігі мүлде басқаша пікір туғызады, – деді Штрак-Циммерман.

Депутаттың айтуынша, Германияның жаңа Қорғаныс министрі Борис Писториус «шынжырдан шыға алмай отыр».

Егер біз әріптестеріміздің бәріне жасыл жарық жағып берсек, дабыл қағуға болар еді. Рас, «Leopard 2» танктері барлардың бәрі бірдей оларды Украинаға беруге тиіс емес, – деді ол.

Қазір Еуропада 3000 «Leopard 2» танктері бар. Депутаттың пікірінше, олардың бір бөлігін берудің өзі дабыл болар еді. Бірақ бірқатарын беруге әбден болады.

Бұдан бұрын, 20 қаңтарда Писториус одақтастардың Украинаға батыстың қазіргі заманғы танк өнімдерін беруде бірдей көзқарас ұстанбай отырғанын мәлімдеген еді.

21 қаңтарда Литваның Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис, Латвияның Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс және Эстонияның Қорғаныс министрі Урмас Рейнсалу Германияны Украинаға негізгі соғыс танктерін беруге шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама