АҚШ-та Қырым түбегін қайтару үшін 160 шақырымға дейін жететін GLSDB артиллериялық жүйесін беруге дайын отыр
Ұлыбритания билігі Украинаға соққысы Ресей территориясына дейін жететін ракеталар бере алатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.
Ұлыбритания Украинаға өз азаматтық инфрақұрылымдарын ұдайы атқылап жатқан Ресейге қарсы тұру үшін оның территориясын соққының астына алатын ракеталар бере алады, – деді Қорғаныс министрлігіндегі мемлекеттік министр баронесса Голди лордтар палатасы мүшесінің сұрағына берген жауабында.
Оның айтуынша, Британия Үкіметі Украинаға тұрақты қару-жарақ беріп жатыр. Сондықтан ресейліктердің азаматтық инфрақұрылымдарға шабуылдарына жауап берулеріне мүмкіндік беру үшін Украинаға алыс қашықтықтағы нысандарды атқылай алатын қару жөнелту мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Украинаға әскери көмек халықаралық гуманитарлық құқықтарды сақтау шарты негізінде беріліп келеді. Украина олардың өздерін өздері қорғауы үшін беріліп отырғанын жақсы түсінеді.
Жанжалдың ушығып кетуінен қауіптенетін Батыс елдері, ең алдымен АҚШ әзірге Украинаға Ресей территориясына соққы беруге қабілетті алыс радиусты әрекеттегі ракета жүйелерін бере қоймайды. Мұның орнына Ресей былтыр 10 қазанда жүзге жуық ракетаны, сондай-ақ Иранның дрон-камикадзелерін пайдаланып, 10-нан аса жаппай соққы жасады. Нәтижесінде Украинаның энергетикалық блоктарының 10 пайызға жуығы жойылып, 50 пайызы әбден бүліншілікке ұшырады. Көптеген қалалар, ішінде Киев те бар, ұзақ уақыт жарықсыз, жылусыз, сусыз қалды.
14 қаңтарда Ресей ракетасы Днепр қаласындағы тұрғын үйлерді қиратып кетті. Онда 44 адам қаза тауып, 80-ге жуық адам жарақат алды.
Қазір АҚШ әкімшілігі Украинаға Қырым түбегіне соққы жасау үшін 160 шақырымға дейін жететін GLSDB артиллериялық жүйесін беруге дайын, деп жазды өткен аптада Politicо басылымы.