Кезінде Николай Екіншіні де тақтан тайдырған едік, - деді РФКП өкілі
Ресей коммунистерінің бір тобы Мәскеуде Қызыл алаңға шеруге шығып, биліктің ауысуын талап етті. Бұл туралы «Диалог.Ua» хабарлады.
Мәскеудегі Қызыл алаңда коммунистер акция өткізіп, бір мезгілде халықты іс басындағы билікті ауыстыруға шақырды, – делінген хабарламада.
Бұдан бір күн бұрын әлеуметтік желіде Мәскеудің Кремлі жанындағы Қызыл алаңда коммунистердің акция өткізіп, халықты іс басындағы билікті құлатуға шақырып жатқандары түсірілген кадрлар мен видео тарады.
Коммунистердің айтуынша, Ресей халқы қазіргі биліктің әрекетіне әрі кеткенде 1-1,5 жыл ғана шыдай алады. Одан кейін оқиға өте жылдам айналымға түсіп кетіп, елде үлкен өзгерістер болады. Ресейліктер әрбір атқан таңмен бірге «арнайы операцияның» бұлайша жылға дейін созылмайтынын, демек, биліктің «арнайы соғыс операциясының» атын өзгертіп, әр нәрсені өз атауымен атау керек екенін түсіне түседі. Қазіргі жағдайда бұл ешқандай да операция емес, нағыз соғыс екенін ұғынатындар көбейе береді.
Коммунистер өздерінің елде бір-ақ рет революция жасап, билікті бір-ақ мәрте ауыстырмағандарын мойындады. Кезінде Николай Екіншіні де тақтан тайдырған коммунистер еді. Енді Путиннің билігін де құлатуға тура келіп тұр, – деді олардың бірі.
Бұдан бұрын генерал Руцкой Украинаның сындарлы инфрақұрылымдарын атқылауға шақырған Путинді сынға алған болатын.