Halyq Uni логотип
×

АҚШ билігі Украинаға қолдау көрсеткен Қазақстанға алғыс айтты

Былтыр Қазақстан Украинаға 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберу туралы шешім қабылдады

 Халық үні 24.01.2023 | 15:00
АҚШ билігі Украинаға қолдау көрсеткен Қазақстанға алғыс айтты
Photo/Molly Riley

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман Қазақстанның Украинаға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайтында хабарланды.

АҚШ билігі Қазақстанның Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдауын жоғары бағалады.

Венди Шерман Қазақстанның АҚШ-тың аймақтағы сенімді серіктесі болуға деген ұмтылысын атап өтіп, Қазақстанмен екіжақты және C5+1 форматындағы секілді көпжақты әріптестікті жалғастыратынын атап өтті.

Одан бөлек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамаларын жоғары бағалап, оны іске асыруға АҚШ тарапынан көмек берілетінін атап өтті.

Еске салайық, 2022 жылдың наурызында Украина тарапынан өтініш түскеннен кейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.

Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ доллары болатын 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберу туралы шешім қабылдады.

Гуманитарлық көмектің салмағы – 82 тонна.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама