Ресей мобилизация үшін мигранттарды елден шығарудан бас тартты

Дастан Жұмабекұлы

РФ паспорттары бар адамдарға әскерге шақыру қағаздары келіп жатыр

фото: ашық дереккөз

Ресей мобилизацияға байланысты өз елінің азаматтығын алған мигранттардың тарихи отандарына баруларына тыйым салды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Әңгіме жақын арада натурализация жасалып, РФ азаматтығын алған ТМД елдерінен шыққан мигранттар жайында болып отыр. Кейінгі кездері Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген адамдар туып-өскен жердеріне кеткісі келгенде шекарада олардың жолдары кесілген.

Ресей шекарашылары маған биязы түрде «Сіз мобилизация тізіміне енгенсіз. Сондықтан 12 ақпанға дейін шекараның арғы жағына шығып кетуге құқыңыз жоқ» дегенді түсіндіріп айтты, – деді солардың бірі радио тілшісіне.

Басқа БАҚ мәліметтеріне қарағанда, натурализацияланған мигранттарға қазір әскерге шақыру қағаздары да келіп жатқанға ұқсайды. Олардың кейбірі әскери комиссариаттарға шақырылып, ескерту де алған. Куәлардың айтуынша, ресейлік паспорттары бар Орталық Азиядан шыққан мигранттар аэропорттарда, теміржол вокзалдарында ұсталып жатқан көрінеді.

Қырғыз Республикасының билігі осы кезде Ресейдің паспорты бар бұрынғы отандастарына бұл мобилизация жағдайында ештеңемен көмектесе алмайтынын ашып айтты.

Ресейдің Қырғызстанмен қос азаматтық жөнінде келісімі жоқ. Сондықтан Ресей бұрынғы қырғызстандық азаматтардың басында өз тарихи отанының тұрғыны болғандарын есепке алмайды.

Ресей Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин 13 қаңтарда натурализация жасалған азаматтардың Қырғызстанда соғысуы керек екенін мәлімдеген болатын. Енді олар мобилизациядан ешқайда қашып құтыла алмайды. Әлдеқандай жолмен тарихи отандарына кетіп қалған күндерінде де Ресейге қайтып оралуға, сөйтіп, соғысқа аттануға мәжбүр болады.