×

Тұрғын үй бағасы шарықтайды деп болжанып отырған жоқ - агенттік

Бұған дейін Құрылысшылар одағының төрағасы қолжетімді баспананың шаршы метрі 400 мың теңгеден кем болмайтынын айтты

 Ербол Тұрымбет 17.03.2022 | 15:49
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Қазақстанда тұрғын үй бағасы қатты қымбаттайды деп болжанып отырмағанын мәлімдеді.

«Үй бағасы қатты өседі деп ойламаймын, өйткені бұл қалай болғанда да халықтың сатып алу мүмкіншілігіне байланысты», - деді агенттік басшысы Мәжіліс кулуарында журналистердің сауалына жауап беріп.

Еске салайық, жуырда Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев Қазақстанда үй бағасының шаршы метрі кемі 400 теңге болады деп болжанып отырғанын айтты. Оның айтуынша, құрылыс материалдарының құны өседі, қымбатшылықтың екінші толқыны басталды. Оған қоса, маман бұған Ресейге салынған санкциялар әсер етуде деп топшылайды.

Құрылысшылар одағының өкілдері де құрылысқа қажетті заттардың бағасы қолжетімді баспана құнына әсер ететінін айтып дабыл қақты. Талғат Ерғалиев мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары қажет екенін айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама