Halyq Uni логотип
×

КСРО-ны аңсайтын ресейліктер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Ресей халқы Кеңес Одағын жүректері сыздай отырып аңсауды жалғастырып келеді

 Дастан Жұмабекұлы 19.01.2023 | 09:10
КСРО-ны аңсайтын ресейліктер саны рекордтық көрсеткішке жетті
фото: ашық дереккөз

КСРО-ның қайта орнауына аңсары ауған ресейліктердің үлесі соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Сталинизм мен байырғы империялық қуатты идеал етіп көрсететін мемлекеттік насихаттың шылауына шырмалған Ресей қоғамы Кеңес Одағын жүректері сыздай отырып аңсауды жалғастырып келеді. Ресейде КСРО-ның тарап кеткеніне өкініш білдіретін азаматтардың үлесі 2022 жылғы желтоқсанда 63 пайызға дейін жетті, – делінген хабарламада.

«Общественное мнение» қоры жүргізген сауалнама осындай нәтиже беріпті. Бұл – соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

2011 жылдан бері Одақтың ыдырағанына өкініш білдіретіндер саны осылайша 12 пайызға өсіп кеткен. Ал 2001 жылы КСРО-ны аңсаған адамдар 76 пайыз болса, содан 2 жыл бұрын, яғни 1999 жылы бұл деңгей 85 пайызға барып тірелген.

Сол сияқты, Одақтың тарағанына өкінбейтіндер де едәуір. Олардың қатары соңғы 16 жылда соншалықты көп ауытқып, өзгере қоймаған. Айталық, бұл жөніндегі көрсеткіш 2014 жылы 25 пайыз болса, 2006 жылы 26 пайыз болған еді. Ал былтырдан бері 22 пайыз деңгейде тұр.

Өткен өмірді аңсаушылық білдіргендердің көпшілігі оны КСРО-дағы тұрмыс жағдайымен емес, сол кез туралы жадтарында қалған жақсы естеліктермен байланыстырады. Олардың 16 пайызы «Кеңес кезеңі өздерінің жастық дәурені» екенін алға тартса, 11 пайызы «алаңсыз да тұрақты өмір» болғанын көбірек қаузайды, 7 пайызы мұны «жұмысқа» қатыстырса, 6 пайызы «халықтар бірлігі мен достығы» үшін құрметтейтінін айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама