×

Оңтайлы мектеп моделіне Қазақстандағы мектептердің 70 пайызы ғана сәйкес келеді – зерттеу

Аталған параметрлер бойынша есептеу үшін Қазақстанның 400 мектебінің мәліметі алынған

 Айнұр Шошаева 15.01.2023 | 13:00
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық зерттушілер еліміздегі сапалы білім алу мүмкіндігіндегі теңсіздік индексін әзірлеп жатыр. Аталған индекс еліміздегі ең жақсы және ең нашар жағдайдағы мектептердің сапасын өлшеуді қамтиды, деп хабарлады Halyq uni

Біз зертеуімізде идеалды мектепті анықтауға тырыстық. Оңтайлы мектепті бірнеше көрсеткіш бойынша анықтадық. Иделды мектеп дегеніміз не? Біздің түсінігімізде, ол – бір ауысымда бір сыныпта 25-тен артық оқушы болмайтын, оларға барлық жағдай жасалған: ғимаратына жөндеу жүргізудің қажеті жоқ, дәретханасы оқу ғимаратының ішінде, ауыз су мен ыстық тамақ қолжетімді, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға қажетті жағдайы бар мектеп. Сондай-ақ ол мектепте инклюзиялық орта қалыптасқан және оларға жоғары білімі бар ұстаздар сабақ береді, - деді PaperLab орталығының зерттеушісі Камила Ковязина. 

Оның айтуынша, аталған параметрлер бойынша есептеу үшін Қазақстанның 400 мектебінің мәліметі алынған. 

«Қазақстанда бұл мәліметтер бар. Түрлі мектеп паспорттары толтырылады. Бірақ оған қол жеткізу өте қиын. Мәселен, былтыр ақпан айында қажетті ақпаратты сұрап өтінім жібердік, бірақ оны тек мамыр айында ғана алдық. Аталған мәліметтерді өңдеп, индекстерін есептегенде, Қазақстандағы мектептердің 70 пайызы ғана оңтайлы мектептер моделіне сәйкес келеді деген ұйғарымға келдік.

Мектептің орналасқан жері, мысалы, ауыл мен қаланың мектебіндегі индекстің айырмашылығы байқалады. Сонымен бірге, қаладағы орыс тілі мен қазақ тілінде оқытатын мектептердің индесінде айырмашылық болды. Бұл индекс академиялық нәтижелер туралы емес, оқу жағдайының көрсеткіші болып отыр, - деп қосты ол. 

Еске сала кетейік, Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі былтыр «Жайлы мектеп» жобасын бастады. Сарапшының пікірінше, әлі күнге дейін жайлы мектептің қандай көрсеткіштер бойынша бағаланатыны түсініксіз. 

«Біз қазір екі түрлі калькулятор әзірлеп жатырмыз. Біріншісі – мектеп туралы. Ішінде дәретхана бар ма, сыныпта неше оқушы бар деген қарапайым сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін оңай түрі болады. Ал екіншісі – біздің индесіміздің өлшемдері туралы сұрақтарға өз мектебінің мәліметтерін толтырып, жауап алуға болатын калькулятор», - деді Камила Ковязина.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама