Halyq Uni логотип
×

Салық қызметкерінің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

«Нұртай Сапарбеков антикор жауап алғаннан кейін өз-өзіне қол салды» деген мағлұмат тарап жатыр

 Қымбат Елтайқызы 16.03.2022 | 14:00
Салық қызметкерінің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты
фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі салық қызметкерінің өліміне қатысты түсініктеме берді.

Кейбір БАҚ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жауап алғаннан кейін салық инспекциясының қызметкері Нұртай Сапарбеков жасаған суицид туралы ақпарат тарады. Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің іс жүргізуінде бұл азаматқа қатысты қылмыстық істер болмағанын хабарлаймыз, – делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті де салық қызметкерінің өліміне қатысты ақпарды жоққа шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында «марқұм Нұртай Сапарбеков құқық қорғау органы жауап алғанда салық органында жұмыс істеген» деген мәлімет жарияланған. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл мағлұматты растамайды. Комитет Сапарбековтың мемлекеттік кірістер органдары қызметкері болмағанын хабарлайды», – дейді комитет.

Бұған дейін марқұм Сапарбековтың әйелі «күйеуім жауап алынғаннан кейін суицид жасады» деген еді. Бірақ марқұмның әйелінің мәлімдемесін жариялаған сайт материалды алып тастады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама