Түркіменстанның экс-президенті ел басқаруға ұсыныс жасады
Ол «абсолюттік билікті» қайта өз қолына алу үшін реформа жөнінде ойлана бастады
Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Парламенттің жоғарғы палатасын таратып, бір палаталы жүйені қайтаруды ұсынды.
Ұсынысқа сәйкес, екі жыл бұрын ғана Парламенттің жоғарғы палатасы деп жарияланып, төрағалыққа өлкенің сол кездегі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сайланған Халк Маслахаты (Халық кеңесі) қайтадан өз алдына бөлек орган болып қалады. Оған Конституцияны өзгерту, конституциялық заңдарды қабылдау, өлкенің ішкі және сыртқы саясатын анықтау сияқты құқықтар берілетіні хабарланды.
Бейресми деректер бойынша, былтыр Гурбангулы Бердімұхамедов «абсолюттік билікті» қайта өз қолына алу үшін реформа жөнінде қайта ойлана бастаған.