Halyq Uni логотип
×

Армения премьер-министрі  ҰҚКҰ оқу-жаттығу жиынын өткізуден бас тартты

Пашинян Лашын дәлізіндегі текетірестің ушығуына да Ресейді кінәлады

 Дастан Жұмабекұлы 13.01.2023 | 09:30
Армения премьер-министрі  ҰҚКҰ оқу-жаттығу жиынын өткізуден бас тартты
фото: ашық дереккөз

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарт Ұйымының (ҰҚКҰ) оқу-жаттығу жиынын өткізбейтінін мәлімдеді.

Армения 2023 жылы өз территориясында Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарт Ұйымының оқу-жаттығу жиынын өткізе алмайды, – деді Никол Пашинян «Интерфакс» тілшісіне берген жауабында.

Премьер-министрдің айтуынша, Армения Қорғаныс министрі ҰҚКҰ Біріккен штабына қазіргі жағдайда Армения территориясында ҰҚКҰ оқу-жаттығу жиынын өткізудің ешқандай қисыны келмейтінін айтқан. Ал Мәскеу бұған келісе салғысы келіп отырған жоқ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Армения Үкіметі басшысының мәлімдемесіне түсіндірме жасай келіп, Ресейдің «ең жақын одақтасы» болып қалып отырған Армения Республикасымен арада бұл мәселе бойынша әлі де келіссөз жүргізілетінін мәлімдеді.

Армения билігі бұған дейін бірнеше ай бойы ҰҚКҰ мен Ресейді армян-әзербайжан әскерилерінің қақтығысында ешқандай әрекет жасамай қарап отырғаны үшін сынға алып келген еді. Осыдан кейін Никол Пашинян Арменияның Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарт Ұйымынан шығуы мүмкін екенін де мәлімдеген болатын. Осы реніш сыңайында Армения ҰҚКҰ-ның қыркүйек айында Қазақстанда өткен жаттығу жиынына қатысудан да бас тартты.

Сондай-ақ Пашинян Таулы Қарабақтағы Лашын дәлізінде болып жатқан текетірестің ушығуына да Ресейді кінәлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама