Ол кейінгі 2 жылда бір-ақ рет жұдырықтасқан
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов менеджерлер өзінің мансабын құртты деп санайды. Бұл туралы meta-ratings.kz хабарлады.
Қазір 31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық бокс промоутері Эдди Хирннен кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істеп жатыр.
Айта кетсек, Данияр Елеусінов кейінгі 2 жылда бір-ақ рет жұдырықтасқан. Бірақ бұл чемпиондық жекпе-жек болды. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионатының белбеуін иеленіп, содан кейін оны қорғау жекпе-жегінің жоқтығына байланысты титулынан айрылып қалды.
Бұған менеджерлерім кінәлі. Олар Эддимен жұмысты жалғастырудан бас тартты. Сосын мені жекпе-жексіз ұзақ ұстады, - деді боксшы.
Ол өзінің кейінгі кездесуінде аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-3, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.