Halyq Uni логотип
×

Қолжетімді баспананың шаршы метрі 400 мың теңгеден кем болмайды – Құрылысшылар одағы

Сарапшылар құрылысқа қажетті заттардың бағасы қолжетімді баспана құнына әсер ететінін айтады

 Халық үні 16.03.2022 | 09:50
Қолжетімді баспананың шаршы метрі 400 мың теңгеден кем болмайды – Құрылысшылар одағы
фото: Halyq Uni

Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев Қазақстанда үй бағасының шаршы метрі кемі 400 теңге болады деп болжап отыр. Оның айтуынша, құрылыс материалдарының құны өседі, қымбатшылықтың екінші толқыны басталды. Маман бұған Ресейге салынған санкция әсер етуде деп топшылайды, деп хабарлады AstanaTV.

Құрылысшылар одағының өкілдері де құрылысқа қажетті заттардың бағасы қолжетімді баспана құнына әсер ететінін айтып дабыл қақты. Талғат Ерғалиев мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары қажет екенін айтады.

«Пәтер бағасы ай сайын қымбаттап жатыр. Бір ай бұрын 320 мың болған, қазір 390 теңге, келешекте 400 мыңнан кем болмайды. Қолжетімді баспананы айтып жатырмын, әңгіме 1-2 класс баспанасы туралы емес», - дейді Одақ басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама